«Сана» зияткерлік орталығы жалпы білім беретін мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары мен педагогтарын «Амонашвилидің гуманистік педагогикасының теориясы мен тәжірибесі» атты халықаралық семинарға қатысуға шақырады.
Гуманистік педагогика - бұл рухани педагогика. Ол баланы сол қалпында қабылдайды, Аталған педагогикалық бағыттың негізгі үрдісі - білімге тұлғалық- болжаулық қасиет беру, оқуда және тәрбиеде оқушылардың білімдерін, іскерліктерін, және дағдылардың іске асыру
Гуманистік педагогика - бұл адамның бойындағы ең жақсы қасиеттерін ашатын махаббат, ізгілік және сұлулық принциптеріне негізделген өмір салты.
Халықаралық семинарды психология ғылымдарының докторы, әлеуметтанушы, жазушы, халықаралық гуманистік педагогика орталығының президенті, гуманистік педагогиканың рыцары, «Басти Бубу» (Грузия, Тбилиси) мектепке дейінгі білім беру мекемесінің ғылыми жетекшісі Паата Шалвович Амонашвили жүргізеді.
Паата Шалвович Амонашвили кең ауқымды білім беру іс-шаралары мен психологиялық кеңестер береді. Жыл сайын 6 мыңға жуық тыңдаушы қатысатын педагогтар мен ата-аналарға арналған семинарлар, шебер-сыныптар мен тренингтер өткізеді.
Оқу 2022 жылғы 1-6 шілде аралығында Грузияның Батуми қаласында өтеді. Оқу аяқталғаннан кейін барлық қатысушылар халықаралық сертификат, тренерден үлестірме материал алады. Бағдарламада Грузияның көркем жерлеріне экскурсия қарастырылған.
Семинардың мақсаты: ғылыми, зерттеу, шығармашылық, эксперименттік қызметті жүзеге асыру, оқыту мен тәрбиелеудің жаңа, неғұрлым жетілдірілген әдістерін дамыту және тарату, педагогикалық тәжірибелерге жаңа әдістемелер мен технологияларды енгізу.
Оқу құны 260 000 теңгені құрайды.
Қатысу үшін толтырылған өтінімді (1-қосымша) 2022 жылғы 15 маусымға дейін sana.mfpto@gmail.com; sana.iq.03@gmail.com электронды поштаға жіберу қажет.
Байланыс тел: +77084251805, +77084251806.