«Сана» зияткерлік орталығының онлайн порталында мектепке дейінгі ұйымдардың, мектептердің, балалардың күндізгі  лагерьлерінің және балаларды сауықтыру лагерьлерінің тәлімгерлері мен тәрбиешілерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру  мақсатында «Тәлімгерлердің  шеберлік мектебі» тақырыбында ақылы негізде республикалық онлайн семинар ұйымдастырылады:

 - қазақ тілінде – 01 маусым сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін (Нұр-Сұлтан қ.).

 

Семинар аясында қарастырылатын сұрақтар:

1. Тәлімгерді ауысымға дайындау.

2. Тәлімгер -  балалар ұжымындағы көшбасшы.

3. Ұжымдық-шығармашылық қызмет және оны ұйымдастыру әдістемесі.   

4. Тәлімгердің ата-аналармен өзара байланысы.

 

«Сана» зияткерлік орталығының онлайн порталында Қазақстан Республикасының    15 000-нан    астам   ұстаздары  оқытылды. Біздің онлайн семинарларымыз тек сертификатталған спикерлермен  ғана өткізіледі. Семинар барысында үлестірме материалдар, әдістемелік құралдар, сондай-ақ білім берудің жаңартылған мазмұны бойынша оқытудың авторлық әдістемелері беріледі. Семинар жабық порталда өтеді. Орындар саны шектеулі!

 Семинардың спикері – Алпышев Серик Ахметович, «Николай Островский атындағы орта мектеп» КММ қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі. Оқушылар арасында алғашқы Семей қалалық  «М.Әуезов оқуларын» ұйымдастырушы. Оқушылары қалалық, облыстық шығармашылық олимпиадалардың жүлдегері. Қалалық және облыстық білім басқармасының алғыс хаттарының иегері. 2017 жылдан бастап «Дарын» ШҚ ӨҒПО жаздық лагерьде аға тәрбиеші.

Сонымен қатар, мамыр айында өткізілетін семинарлардың тізімі қосымша 1-де көрсетілген.

Семинардың құны 2000 теңге. Барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі.

Семинарға қатысу үшін www.sana-iq.kz сайтында тіркеліп, ұйымдастырушымен хабарласу қажет:

 

Байланыс тел: +77084251805, +77084251806.