Қазақ тілі

Описание курса

      Оқушылар қазақ елінде білім алып отырғандықтан, олардың Қазақ тілі мен әдебиеті курсы арқылы елдегі тарихи, мәдени, әдеби, өнер саласы, Қазақстанның ғылыми даму өрісі туралы мемлекеттік тілде түсінік ала білуі маңызды. Сонымен бірге оқушылар Қазақ тіл мен әдебиеті бойынша пәндік жарысқа, сайысқа қатысатындықтан, қазақ тілінің ғылыми теориялық негіздерінің бастапқы деңгейін, қазақша сөйлеу, жазу дағдыларын, әдебиет бойынша дәстүрлі ұлттық танымдық шығармаларды, сол арқылы қазақ ұлтының болмысын, стереотипін, жаратылысын, ұлттық әдеби тілі мен сөйлеу мәдениетін, қазақ халқының ұлы жазушылары мен қайраткерлерін терең білуі тиіс. Осы орайда мектеп оқушылары курс арқылы дәстүрлі пәндік сабақтан тыс тілдің, әдебиеттің ғылыми өзекті негіздерін түсініп, ғылыми жұмыспен айналысу қабілетін қалыптастыруға ұмтылыс жасайды, ғылыми әдебиетпен, зерттеулермен жұмыс жүргізуді, оларды пайдалануды үйренеді.

      Сонымен бірге қазіргі оқушылардың сауатты сөйлеу деңгейі, ауызша/жазбаша тіл мәдениеті, әдеби тіл нормасын сақтап, ойын жеткізу деңгейі төмендеп келеді. Бұл қазіргі ақпарат құралдарының дамуына байланысты болғандықтан, адамзаттың өзара тікелей сөйлесу қарым-қатынасына да кері әсерін тигізіп, ой-пікір айту, ұлттық мазмұнда сөйлеу қабілетін жоюға әкеледі.  Осыған байланысты Қазақ тілі мен әдебиеті курсын жүргізу қажеттілігі өзінен өзі көрінеді.

       Қажеттілігі: Негізгі деңгейдегі оқушы білімі меңгерген сауаттылық дағдыларына тірек ете отырып, бейіндік деңгейдегі сөз мәдениетіне қалыптасады. Оқушының лексикалық қорын байытады, сөз мағыналарын танытады, сөздерді топтастырудың белгілерін меңгертеді, сөзжасам тәсілдерін игертеді, сөздерді байланыстырудың тәсілдері мен түрлерін білгізеді, сөйлемнің түрлерін  меңгертеді. Оқушыға тіл туралы, оның қоғамдық маңызы мен адам өміріндегі мәні, рөлі жайлы, танымдық қызметі жөнінде өзара сабақтас түсінік қалыптастырады. Әдебиет теориясы туралы мағлұмат береді, әдеби қисынды талдау жасауға төселдіреді.

     Мақсаты:

    Қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жүргізілетін сабақтардың негізгі мақсаты – оқушыларды ойлау еңбегіне дағдыландыру, ізденіске жетелеу, жазбаша көркем тілін дамыту, олардың қабілет, дарынына әсер ету, шығармашылық жұмыстарға баулу.

Міндеттері:

  • әдеби тіл , оның даму тарихынан мәлімет беру;
  • қазақ тілінің қоғамымыздағы рөлі;
  • грамматиканың салалары бойынша шығармашылық жұмыс ұйымдастыру;
  • тілдік талдау жасау;
  • мәтіннің көркемдік ерекшелігін талдау;
  • әдеби қисынды талдау жасау.

Оқушылар игеруге міндетті білік, дағдылар:

Нені білу керек?

  • әдеби тіл, оның даму тарихынан мәліметтер;
  • қазақ тілінің қоғамымыздағы рөлі;
  • грамматиканың салалары бойынша шығармашылық жұмыстар;
  •  әдеби көркем тілді жазбаша және ауызша қолдана білу;
  • шығарма жазу;
  • эссе жазу;
  • ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу;
  • ақын-жазушылар шығармаларына филологиялық, лингвостилистикалық т.б.талдаулар жүргізуге үйрету.

Нені игеру қажет?

Оқушылар игеруге тиіс негізгі білім, икем, дағдылар

  • тіл ұстарту амалдарын дұрыс ажыратып, орынды қолдана алу, функционалдық сауаттылық дағдылары (тұжырымдау, жинақтау, салыстыру, қорыту, дәлелдеу); 
  • тілдің қоғамдық маңызын, ана тілінің қадір-қасиетін түсіне білу; 
  • әдеби тілдің даму тарихынан олу, дамуын саналы түрде түсіне білу; 
  • стиль түрлерін ажыратып алу;
  • шығармашылық жұмыстардың орындалу техникасын меңгеру;
  • көркем шығармадан автордың стильдік қолданысын түсініп, талдай білу;
  • мәтінді тақырыпқа сай баяндап, суреттей, талдай білу, поэзиялық шығармалардың әсемдігін түсініп, орындай білу;
  • шығарма жазу, эссе жазу;
  • көркем шығармаларға  филологиялық талдау жасау;
  • жазбаша жұмыстарға талдау жасай білу, өз көзқарасын, әсерін кірістіріп, қорытындылай алу.

Түсінік хат

     Қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жүргізілетін сабақтар бағдарламасы оқу материалдары дидактикалық, әдістемелік ұстанымдарға негізделді. Грамматиканы жақсы меңгеру үшін оқушылардың жазу, оқу, сөйлеу сауаттылығын, яғни, функционалдық сауаттылығын жетілдіру, өзіндік көзқарасты мен дүниетанымын дамытуға жол аша отырып оқытуды басшылыққа алады.  Оқушының жас және психологиялық ерекшеліктерін ескерту, оқушының жеке бас қасиеттері мен қабілеттерін дамытуына мүмкіндігін барынша дұрыс пайдалана отырып оқытуға негізделген.

     Қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жүргізілетін сабақтар оқушының жеке адами қасиеттерін, тілдік қабілеттерін арттыру көзделеді. Бүгінгі заман талабының қажеттілігі: іскер, белсенді, қандай жағдайда да өздігінен жол таба білуге тәрбиелейді.  Тіл мен сөйлеу адамның болмысының, оның жалпы табиғатының көрсеткіші. Оқушының коммуникативтік дағдыларын, жеке тұлғаның мәдениетін дамытады. Сауатты сөйлеу, жазу  қабілетін практика арқылы дамытуды қажет етеді. Нәтижесінде оқушының қазақ тіліне деген құрмет сезімдерін ояту мақсат етіледі. Көркем әдебиетті талдау, образдылық, көркем бейнелі сөз кестесін түсіне алу, қолдану.

     Бұл бағдарлама орындалу үшін грамматикалық тұлғаларын айыру қажет. Ол үшін грамматикалық материалдарды таңдау ұстанымын негізге алу шарт:

1. Сөйлем құрастыруға қажеттілігі  Қарым-қатынасқа қажетті грамматикалық форма, құрылым пайдалана отырып, сөйлеуге керекті сөйлем түрлерін құрастыру.

2. Жиі қолдану принципі. Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілінде жиі қолданылатын грамматикалық құбылыстарды таңдау.

3. Өнімділік ұстанымы. Грамматикалық құбылыс пен лексикалық материал байланысы, өмірде жиі кездесетін лексиканы қалыптастыру. Пәрменді сөз қоры тақырыптық ұстаным арқылы құралады, ол грамматиканың ең қажетті деген формаларын таңдауға әсер етеді.

4. Тіркесу ұстанымы. Сөз тіркестерінде жиі кездесетін грамматикалық формалар таңдау.

5. Түсініктілік ұстанымы  Грамматикалық форманы игерудегі қиындықтарды еске алу. Әр кезеңде, әр деңгейде қиын материалды жоғары сатыға көтеру, немесе тереңдету деңгейінде қалдыру.

6. Оқу материалын тереңдету, баптау.

- оқушылардың есінде лексикалық қорын сақтау;

- жаңа сөздердің жасалуын түсіндіруіне дағдыландыру;

- сөздердің жазу және айтылу техниканы меңгеріп алу.

Осылай оқушылар сөздерді – сөз тіркестерді – сөйлемдерді меңгеріп,  теория мен практиканың бірлігін нығайтумен коммуникативтік біліктің қатар қалыптасуына жол ашады.

Тақырыптық пән жоспары

 Салалық тақырып атауы

Тақырып мазмұны

Сағат

І.

 Фонетика.Орфоэпия.Орфография

1.

«Фонетика» саласы бойынша ғылыми еңбектерді жинақтау, зерттеулерге шолу, конспект жазу. Фонетика туралы мектепте алған  білімдерін ары қарай дамытып, терең мағлұматтар алу. (Қазақ тілі фонетикасының ғылыми негізі А.Байтұрсынов еңбектерінде. Қазақ фонетика мәселелерін арнаулы жүйеге салып зерттеу кезеңі проф. Құдайберген Жұбановтан басталуы. Қазіргі фонетика саласы бойынша зерттеулер)

Оқу құралдары: орфографиялық сөздіктер.Мәтін бойынша жұмыс: газет мәтіндерімен жұмыс. Орфоэпиялық пен орфографиялық сөздіктермен жұмыс.

 Қазақ тілінің құдіреті туралы дәйексөздерге комментарий жасау,жазу

 «Фонетика» саласы бойынша мағлұмат

1) А.Байтұрсынов еңбектеріндегі фонетика саласына байланысты тұжырымдары. А.Байтұрсынұлы анықтаған қазақ дыбыстарының артикуляциялық талданымы

2) Қ.Жұбанов дыбыс жіктелімінің артикуляциялық талданымы туралы мағлұмат

3) І.Кеңесбаевтың фонетикалық талданымының артикуляциялық негіздемесі

4) С.Мырзабековтың фонетикалық мұрасының артикуляциялық сипаттамасы

5) Б.Қалиевтың еңбектеріндегі қазақ дыбыстарының артикуляциялық жіктелімі

6) Ж.Аралбаев еңбектеріндегі дыбыс жіктелімінің артикуляциялық талданымы

Фонетикалық талдау

 

4

Буын үндестігі; буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар.

Дыбыс үндестігі. Сөздердің дұрыс жазылуы мен айтылуы.

Басқа тілден енген сөздермен қосымшалардың жазылуы .

А.Байтұрсыновтың ғылыми мұрасы (фонетика, грамматика,терминология, әдебиеттану т.б.)Еркін тақырыпқа ойтолғау, әңгіме, мәтін, эссе жазу  (бірін таңдап алу керек). Символ, аллегория, метафора (Пікірлерді жинастыру; ғалымдар цитаталарын қолдана білу, анықтамасын жазу, мысалдар келтіру)

4

 2.

 

Үндестік заңы. Дыбыс үндестігі, ықпал. Дыбыстық құбылыстар туралы мектепте алған  білімдерін ары қарай дамытып, терең мағлұматтар алу

Фонетикалық талдау жасауға үйрету, ерін үндестігі, тіл үндестігі, буын үндестігі, ықпал түрлері

2

 

Дыбыстық құбылыстар (протеза, эпентеза, эпитеза, апокопа, элизия, аферезис, редукция, метатеза, гаплология сияқты  сөздің құрамында болатын әр алуан дыбыстық өзгерістер мен құбылыстары туралы түсінік, олар туралы мағлұматтарын кеңейту, жасалу жолдары мен атқаратын қызметтеріне байланысты түсініктерінің болу

С.Мырзабековтың зерттеулеріндегі дыбыстық құбылыстар

Тәуелдік жұрнақ, көмектес септік жалғауы, реңк мәнді зат есім жұрнақтары, т.б.

Сөздердің айтылуы мен жазылуына қатысты мысалдарды талдау. Сөздікпен жұмыс.

жіңішкелік белгіге аяқталған сөздер, к, г дыбыстарына аяқталған сөздер

2

ІІ.

Лексика. Лексикология. Мағына

3.

 

Сөздік қор  мен сөздік құрам.

Көп мағыналы сөздер. Синонимдер. Омонимдер.

Диалект сөздер. Диалектілік ерекшіліктер.

Пассив сөздердің белсенді қолданысқа ауысуы.

1.Синономдік, омонимдік антонимдік қолданыстағы сын есімдер қатарын жасау; сөзбен оқушы портретін жасау

2.Фразалық тіркестегі сын есімдер қолданысын жинақтау; өзара жазбаша мінездеме беру Тұрақты тіркестер (зерттелуі, түрлері, мағынасы, синонимдес фразеологизмдер т.б). Фразеологизмдер сөздігімен жұмыс, диалектизм, архаизм, историзм, неологизм,  терминдер, кірме сөздер, кәсіби сөздер  туралы мағлұматтарын кеңейту. Сөз мағыналары:  ауыспалы мағына, тура мағына тб.

2

 

 

Символ, аллегория, метафора (Пікірлерді жинастыру; ғалымдар цитаталарын қолдана білу, анықтамасын жазу, мысалдар келтіру)

Еркін тақырыпқа ойтолғау, әңгіме, мәтін, эссе жазу  (бірін таңдап алу керек)

2

ІІІ

Грамматика: Морфология 

 

4

 1.Морфология тарауын жинақтау

2. Топтастыру

3. Модель құрау

4. Кластер жасау

Көптік жалғау. Қазақ тілінде қолданылу реті.

Тәуелдік  жалғау, орны мен қызметі

Септік жалғау. Септік шылаулар

Жіктік жалғау, түрлері, қызметі: а) толық түрдегі жіктік жалғау; ә)жіктік жалғаудың қысқа түрі; б) бұйрық райдың жіктік жалғауы

 Сөз таптары. Зат есім, сан есім, сын есім; олардың қолданысыү Шылау. Модаль сөздер. Одағай

2

Қызықты грамматика. Сөз таптарына орай сөзжұмбақтар құрастыру, топтар шешу

Сөз таптарына орай сөзжұмбақтар құрастыру, топтар шешу

«Сандар, сандар...»

1.Сан есімі бар мақал-мәтелдер,афоризмдерді жинастыру.

2. «Сан есімдер елінде.» ертегі құрау

«Ғажайып есімдіктер әлемі»

 

1.«Менің елім-Қазақстан» есімдіктерді қатыстыра отырып ойтолғау немесе эссе жазу.

2. «Ең таңдаулы жұмыс» анықтау, жариялау.

«Бай тұлға»

1.Етістік тұлғаларын модельдеу;

2.Суретті жұмбақ жасау; (1топ)

3. «Дара тұлға» эссе жазу (2топ)

4.Криптограмма жазу (3топ)

2

 

«Менің сценарийім»

Үстеулерді қатыстырып, «Менің ортам» тақырыбына сценарий жазу;

2.Үздік сценарийді таңдау;

3.Сценарийді сахналау.

2

ІҮ

Грамматика: Синтаксис

5

Қыстырма сөздер мен қаратпа сөздер, олардың стильдік ерекшеліктері Сөйлем түрлері, оларды құрастыра білу жолдары

Сұраулы сөйлемнің сұраулық шылаулар арқылы жасалуын көрсету: ма/ме,ба/бе,па/пе?

1.Сұраулық есімдіктерді, оның ішінде септік сұрақтарын қайталау, көрстекіштерін беру, түсіндіру, кездесетін айтылатын орнын беру.

2.Сұраулы сөйлемдер беріп, оларға жауап жазғызу.

3. Мәтіндер бойынша жұмыс жүргізу. Мәтін сөйлемдерін сұраулы сөйлемге айналдыру

4.Көркем мәтін беріп, сұрақтар құрастырту.

4

Күрделі сөйлем құрылысын құрау, салыстыру, дәлелдеу, ерекшеліктерін табу жұмыстарын жасау.Эссе,жазба жұмыстарына күрделі ой шоғырын енгізу

Синтаксис тарауынан сөйлем түрлері, сөздердің байланысу тәсілдері мен түрлеріне орай, тіркес түрлерін қатыстыра отырып, шығарма жазу, иллюстрациялау

6

«Сөйлем тыныс белгісін сұрайды..»

Қызықты пунктуациялық қолданыстар

 

1.Қосарлы қолданыстағы тыныс белгілері бар сөйлемдерді іздестіру;

2. Қосарлы тыныс белгілерін қоятын сөйлемдер құрастыру.Эссе, жазба жұмыстарында қолдану

1.«Абай жолы»романынан ұсынылған үзіндіден сөйлемдердің тыныс белгісін қою;

2. «Менің Әуезовім»  тақырыбына мәтіндер құрату, сөйлемдердің тыныс белгілерін жұбына қойғызып, өзара тексеру.

Күрделенген жай сөйлемдер. Жай сөйлем және оның түрлері. Құрмалас сөйлем,түрлері, жіктелуі

Күрделі сөйлем құрылысын құрау, салыстыру, дәлелдеу, ерекшеліктерін табу жұмыстарын жасау.Эссе,жазба жұмыстарына күрделі ой шоғырын енгізу

 

Барлығы

32

Уроки

  • 0 уроков
  • 32 часа

Комментарии (0)