«Сана» зияткерлік орталығы  «Оқу процесінде инклюзивтілік қағидаттарын жүзеге асыру жолдары» тақырыбында ақылы негізде республикалық онлайн семинар ұйымдастырады:

    - орыс тілінде – 21 қаңтар сағат 16:00-ден 18:00-ге дейін (Астана қ.);

    - қазақ тілінде – 28 қаңтар сағат 16:00-ден 18:00-ге дейін (Астана қ.).

          Семинар аясында қарастырылатын сұрақтар:     

1. Қазақстандағы инклюзивті білім беру саласындағы мемлекеттік саясат  басымдықтары;

2.  Білім беру практикасында инклюзивтілік қағидаттарын жүзеге асыру;

3. Инклюзивті білім беру инклюзивті қоғамды құрудың негізгі шарты ретінде.

  «Сана» зияткерлік орталығының онлайн порталында Қазақстан Республикасының    16 000-нан    астам   ұстаздары  оқытылды. Біздің онлайн семинарларымыз тек сертификатталған спикерлермен  ғана өткізіледі.

Семинар барысында үлестірме материалдар, әдістемелік құралдар беріледі. Семинар жабық порталда өтеді. Орындар саны шектеулі!

Семинардың спикері – Исмагулова Светлана Кужаковна, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Инклюзивті білім беруді дамыту орталығының бас сарапшысы. Экономика, технология және тағам өндірісін стандарттау колледжінде, Ақмола технология және бизнес университетінде, Еуразия гуманитарлық институтының колледжінде оқытушылық қызмет атқарды.  2014-2018 жж. аралығында Польша, Тәжікстан, Қырғызстан, Сербия елдерінде халықаралық  тағылымдамалардан (тәжірибе алмасу бойынша сапарлар, жазғы мектептер, конференциялар, семинарлар) өтті.

          Семинардың  құны  3000 теңге. Барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі.

          Семинарға қатысу үшін www.sana-iq.kz сайтында тіркеліп, ұйымдастырушымен хабарласу қажет.

          Байланыс тел: +77084251805, +77084251806.